Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ның жауапкер Е.-ге қатысты  банктік қарыз шарты бойынша қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2007 жылдың қараша айының 08-і жұлдызында, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ы және Е. арасында жасалған банктік қарыз шарты бойынша, жауапкер жылдық сыйақы мөлшері 14% пайызды құрайтын, 84 ай мерзіміне  40 400 АҚШ долларын қарызға алады.

Жауапкер өзіне қойылған міндеттемелерді орындамай, яғни қарызға алынған соманы және сыйақы қорын банкке қазіргі уақытқа дейін қайтармай келеді,  жауапкерге жолданған қарызды өтеу туралы  ескетпелерден еш нәтиже шықпады. Қазіргі күнге  жауапкердің негізгі қарызы  24 570,28 АҚШ долларын, яғни  8 188 046  теңгені  құрайды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты