Сот регресс тәртібімен 3 миллион теңге қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «КазАТО» ҚР Халықаралық көлік тасымалдау одағыныңжауапкер «Н.Т.» ЖК-нен регресс тәртібімен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер сотқа жауапкер «Н.Т.» ЖК-нен регресс тәртібімен қарыз сомасын өндіру туралы талабымен жүгінген, себебі, жеткізіп беру орнына дейін шетел тауарларын жеткізбегендіктен, кеден және салық төлемдерін төлеу себептерінен қарыз сомасы пайда болған.

Сот азаматтық істі қарап, қаулы етті, талапкердің талабы қанағаттандырылсын және жауапкерден регресс тәртібімен 3 000 000 теңге көлемінде қарыз сомасын өндірді.

Берілген азаматық істің ерекшелігі, жауапкер міндеттерді тиісті түрде орындамаған, сол себепті кеден және салық төлемдерін төлеуден қарыз сомасы пайда болған.Азаматтық кодекстің 298-бабына сәйкес, борышкер, басқа тұлғаның міндеттерін орындаған, сол тұлғаға орындалған міндет көлемінде кері талап құқығына ие. Сонымен бірге, істі қарау кезінде кедендік конвенция қолданылған.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі