Сот мас күйінде көлікті жүргізгені үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған деген айыппен сотқа берілген Р.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Р. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2017 жылғы қаулысымен көлік басқару құқығынан 9 (тоғыз) ай мерзімге айырылған бола тұра, 2017 жылдың наурызы айында 05.30 сағат шамасында, Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесінің талаптарын бұза отырып, жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарған. Алматы қаласы Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Шәріпов көшесінің қиылысында Алматы қаласы ІІД ЖПП-ң инспекторымен тоқтатылған.

Сотта сотталушы Р. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен Р. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) кінәлі деп табылды. Оған 180 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот сотталған Р. көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі