Сот қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Teaspon» Өндірістік компаниясы» ЖШС-нің жауапкер «GS» ЖК-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «Teaspon» Өндірістік компаниясы» ЖШС-гі сотқа жауапкер «GS» ЖК-нен 4 071 618 теңге көлемінде қарыз сомасын және төленген мемлекеттік баж салығын 122 149 теңге көлемінде өндіру туралы талап арызбен жүгінген, себебі, жауапкер «GS» ЖК-гі жеткізіп беру және монтаждау келісім шарты бойынша ас үй жиһазын дайындау және оны орналастыруды жасау жұмыстарын уақытылы, толық  орындау  міндеттері орындалмаған, осыған байланысты көрсетілген сомада қарыз пайда болған.

ҚР азаматық заңнамасы, тараптардың көзқарасы бойынша келісімнің шарттарын тараптарға анықтау құқығын айқындады, оны жасау мерзімінен бастап, сонымен бірге анықтады, заңнаманың талаптары мен шарт міндеттеріне сәйкес міндеттер тиісті түрде орындалуы қажет (АК 272-бабы).

Сонымен бірге, тауар жеткізіп беруші «GS» ЖК-мен келісім шартта көзделген мерзімде жеткізілмеген және толық көлемде  құрастырылмаған, тиісті сапада жасалмаған, осылайша, келісім шарт бойынша қабылданған міндеттер орындалмаған. Анықталған кемшіліктер актісіне сәйкес «GS» ЖК-мен құрастырылған және орналастырылған ас үй жиһазын көзбен тексеру кезінде кемшіліктер анықталған.

Азаматтық кодекстің 365-бабының 2-тармағына сәйкес, жауапкердің мерзімді өткізіп алуының себебінен орындалуы кредитор үшін қызығушылығы жоғалып кетсе, ол орындауды қабылдаудан бас тартуы мүмкін және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты