Сот дауды медиация тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «БАКазахстан» ЖШС-нің жауапкер «Центрэнергокомплект»ЖШС-нен қарыз сомасын және өсімпұл сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жауапкер «Центрэнергокомплект» ЖШС-нен қарыз сомасын 3 300 000 теңге көлемінде, өсімпұл сомасын 4 080 698 теңге көлемінде, төленген мемлекеттік баж салығын 221 420 теңге көлемінде өндіруді сұрап жүгінген.

Сот отырысына дайындық кезінде тараптар дауды медиация тәртібінде шешуге ниет биет блдірді.

ҚР «Медиация туралы» заңның 27-бабының 4-тармағына сәйкес, дауды шешу келісімі, сот отырысына дейін жасалған болса, ол тараптардың міндеттері мен азаматтық құқықтарын тоқтату немесе өзгерту, нақтылауға негізділген келісім болып саналады.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер негізгі қарыз соманы бірден төлеуге міндетенген, ал талапкер өсімпұл сомасын өндіруден бас тартты. Тараптар медиациялық келісімнің шарттарын қабылдап, азаматық істі тоқтатуға келісім берді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібінде шешу келісімі бекітілді және азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі