Шетелдік азамат Қазақстан Республикасының қылмыстық жауапкершілігіне тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамағандеген айыппен сотқа берілген А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданарылық әкімшілік сотының 2016 жылғы қаулысына сәйкес сотталушы А., Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік жазасына тартылған. Алайда күшіне енген сот қаулысына қарамастан, сотталушы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралысот шешімін орындамай, Республика аумағында жүріп, 2017 жылдың 15 ақпанында, 18-00 сағат шамасында, Алматы қаласы Құрманғазы мен Шәріпов көшелерінің қиылысында ұсталған.  

Сотта сотталушы А. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен (соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамау) кінәлі деп табылды. Оған 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, 25 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі