Шетел азаматының елде болу ережесін бұзуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 517 бабы 7 бөлігі бойынша Y. -ға  қатысты әкімшілік істі қарады.

Соттың анықтауы бойынша, азаматша Y. 05.05.2017 жылы сағат 12:00-де Алматы каласы Алатау аудандык ІІБ МПБ, , құжатын тексеру кезінде шетелдіктердің  Қазақстан Республикасында болу ережелері бұзылған. Y.  Тәжікістан Ремпубликасының азаматшасы бола тұра Қазақстан Республикасының аумағына  2000  жылы келген, сол уақыттан осы күнге дейін уақытша тіркеуге келмеген, сонымен мерзімінен кешіктірілген.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 2016 жылы 21 қазанда ҚР ӘҚБтК 517 бабы 2 бөлігімен жауапқа тартылған, сол себептен құқықбұзушылықты қайталағаны үшін ҚР ӘҚБтК 517 бабы 7 бөлігімен жауапқа тартылды.

Сот отырысы барысында Таджикистан  Республикасының азаматы  Y. кінәсін толық мойындап, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережесін білмейтінін түсіндірді.

Сот қаулысымен Таджикистан Республикасының азаматшасы   Y. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік қамауға алынбай, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты