Шешім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «МО «Kaz Credit Line» ЖШС-нің жауапкер С.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан,  28 тамыз 2015 жылы «МО  «Kaz Credit Line» ЖШС-гі мен С. арасында шағын кредит беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша жауапкерге 720 күн мерзімге, жылдық 34,25% сыйақымен 530 000 теңге шағын кредит берілген.

Жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алып және қазіргі кезге дейін шартта келісілген төлем түспеген.

Қарыздың бар болуы, талапкердің үсынған шартымен, берешек есебі және істегі басқа құжаттармен дәлелденеді.

ҚР АК 722 бабының 1 бөлігіне сәйкес, Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

Сот талап арызды қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты