Іс-шараға студенттер қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы   Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында «Сот жүйесінде  қолданылатын жаңа технологияларымен және ережесімен таныстыру» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Бұл іс шарада сот төрағасы, м.а. кеңсе меңгерушісі және Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері қатысты.

Студенттерді қарсы алған соң, м.а. кеңсе меңгерушісі Бақытжынқызы А. стундеттерді соттың ішкі ережелерімен, жұмыстың қалай ұйымдастырылғанымен және сот жұмысында қолданылатын жаңа технологиялармен таныстырды. Студенттердің ерекше назарын, соттың сот залдарында орналасқан сот мәжілісінде қолданылатын дыбыс-бейне жазбасы жүйесіне аударды.  

Іс шараның соңында сот төрағасы С.К.Төлегенов студенттермен семинар өткізіп, олардың қызықтырушылығын тудырған сұрақтарға жауап берді. 

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық соты