Пәтерге жеке меншік құқығын рәсімдеуге зейнеткердің құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының  №2 аудандық сотымен   мүлікке, яғни 2009 жылғы үлестік құрылыс келісім-шарты негізінде талапкердің  сатып алған пәтерден шектеуді алып тастау туралы Алматы қаласының Алмалы ауданының  МКБ А.Р.-ң  берген талап арызы  бойынша азаматтық іс қаралған. 2016 жылғы бюджет алдында салық бойынша салушы компанияның қарызының болуына байланысты Салық органымен 2016 жылы пәтерге шектеулер қойылған.

2017 жылдың 29 мамыр күнгі шығарылған соттың шешімі бойынша А.Р. талап арызы қанағаттандырылды, салық органымен қойылған шектеулер алынып тасталынды.

Талапкердын талап арызы қанағаттандырудың негізі болғаны, арыздаушы пәтерді 2009 жылы сатып алған, ал салық органындарымен 2016 жылы қойылған шектеулер пәтер қазіргі уақытқа дейін Компания атында болғандықтан Салушы компанияның міндеттері бойыншашығарылған. Арыз беруші жасы ұлғайған кісі болғандықтан, 2009 жылы Салушыдан барлық керекті құжаттарды алғаннан соң, өзін пәтердің толық иегері деп санап, уақытында әділет органында пәтерге меншік құқығын рәсімдемеді. 2009 жылы пәтерді сатып алған уақыттан бастап азаматша А.Р.Б. пәтердің жай-күйі бойынша барлық ауыртпалықты өзі көтерді, пәтердің иегері ретінде салық төлеп жүрді. Салық органымен қойған шектеуі туралы, өз інісін уақытша тіркеу керек болғандықтан ХҚО-ға барғанда білген.

Сонымен, сот тәртібімен қазіргі уақытта бюджет алдында салықты қарызы бар салушы компаниядан сатып алған пәтерге жеке меншік құқығын рәсімдеуге зейнеткердің құқығы қалпына келтірілді

Сот шешімі заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі