Порнографиялық сипаттағы ақпаратты қамтитын өнімдерді таратуға тыйым салынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Наурызбай ауданының прокурорының Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы ғаламтор ресурстарда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуға тыйым салу туралы арызы бойынша азаматтық іс қарастырылды.

Қазақстан Республикасының барлық аумағында порнографиялық сипаттағы ақпаратты қамтитын ғаламтор ресурстары пайдаланылған, яғни порнографиялық және жыныстық эротикалық фильмдерді, бейне өндірістерді тарататын ғаламтор сайттары.

Сот шешімімен Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокурорының Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы ғаламтор ресурстарында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуға тыйым салу туралы арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі