Өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «С» ЖК жауапкерлер И.Т.-ны және Ш.Т.-ты тұрғын үйден шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 27 мамыр 2016 жылы талапкер мүлікті жалға беру саласындағы жеке кәсіпкер бола тұрып, И.Т.-мен 2016 жылдың 6 маусымынан бастап 2017 жылдың 4 маусымына дейін тұрғын үй-жайды жалға беру шартын жасаған.

Бірақ, И.Т. жоғарыда аталған келісімнің шарттарын тиісінше толық орындамаған және телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Жауапкерге, киімдерін алып, қарыздарын төлеп және кілтті беріп пәтерді босату жайында ұсыныс хабарлама жіберілген, алайда хабарламаға жауап келген жоқ.

ҚР АК 264 бабына орай, меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

Сот пәтерден шығару туралы талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты