Өзіне қойылған міндеттемелерді орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «БанкЦентрКредит» АҚ-ның жауапкер С.-ның  қатысуымен кепілге  салынған мүлікті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

2011 жылдың қыркүйек айының 08- жұлдызында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ы және С.Б арасында  жасалған банктік қарыз шарты бойынша жауапкерге, 240 ай мерзіміне, жылдық сыйлық ақы мөлшерлемесі 14% құрайтын, 85 000 АҚШ долларын қарызға берілген, қарыз алушы Банктік қарыз шарты бойынша, Алматы қ, Райымбек даңғылы, №241 «Б» мекенжайда орналасқан пәтерді кепіл ретінде қалдырады.

Жауапкердің Банктік келісім шарты бойынша өзіне қойылған міндеттемелерді орындамағанына байланысты, қарыздың орнын толтыру ретінде кепілге қойылған мүлікті өндіруді соттан сұрайды

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты