Нақтылау ұсынылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты «Алматыгаз» Абоненттік есептеу орталығы» ЖШС іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел  өткізді.

Дөңгелек үстелге Алматы қалалық сотының, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьялары, және «Алматыгаз» Абоненттік есептеу орталығы» ЖШС, «Азия Метролоджи» ЖШС өкілдері қатысты.     Өткізілген дөңгелек үстел аясында келесі сұрақтарды талқыланды: «Алматыгаз» Абоненттік есептеу орталығы» ЖШС іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы қарастырылған істерді, оның ішінде абонентке есептелген тұрақсыздық айыпты талдау; ЖЕА демонтаж жасау кезінде айырбастау газ есептеуішін шешіп алу және орнату актісін жасау негіздері мен тәртібі, басқа да күрделі мәселелер; Есептеуішті тексеру тәртібі, соның нәтижесі бойынша қолдануға оның жарамсыздығы туралы ескерту қағазы жазылады, жарамсыз ЖЕА сақтау мерзімі және басқа да күрделі мәселелер.

Дөңгелек үстелді  өткізу барысында, «Алматыгаз» Абоненттік есептеу орталығы» ЖШС Айырбастау газ есептеуішін шешіп алу және орнату актісінде газ санауыштарына жоспарлы ауыстыруды жүргізу нәтижесі бойынша «Алматыгаз» АЕО» ЖШС қызметкерлері қандай бұзушылықтарды анықтағанын белгілеу қажет екендігін ұсынды.  

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты