Мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1 тармағымен (ұрлық) қылмыс жасаған айыпталушы Н. қатысты үкім жарияланды.

 2017 жылы 25 қаңтарда сағат 05.00-де сотталушы Хен жеке іс жүргізуге бөлінген тұлғамен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласы.№14 үй, Тастақ -1 ықшам ауданында бағасы 100 000 теңге тұратын Бурханова Ж.  тиесілі спорттық велосипедті жасырын түрде ұрлаған.

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен сотталушы ХенҚР ҚК-нің 188-бабының2-бөлігі 1 тармағыменайыпты деп танып, мүлкі тәркіленіп, оған осы баппен 1 жыл 6  ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі