Мiндеттеменi орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Altyn Bank» АҚ-нің жауапкер Ы.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 23 қарашада 2012 жылы «Altyn Bank» АҚ және Ы. арасында несие шарты жасалынған, оның шарттары бойынша жауапкерге 59 ай мерзімге, жылдық 20,99% сыйақымен 3 000 000 теңге көлемінде қарызды қайтару, жедел, мақсатты пайдалану шартымен берілген.

Жауапкер қарызды және сыйақыны қайтура бойынша өзіне алған міндеттерін тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты 11.01.2017 жылға оның қарызы 3 328 252 теңге 15 тиынды құраған.

Жауапкермен, негізгі қарызды және сыйақыны төлеу кезінде келісім шартта көрсетілген міндеттер бұзылған және тек жартылай орындаған.

Соттың шешімімен талапкердің талап арызын жартылай қанағаттандырып, жауапкерден 3 078 505 теңге қарызды өндіруді және де 92 355 теңге мемлекеттік баж шығындарын өндіру қажет деп тапты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты