Меншік иесі өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жауапкерлер Д.К., Т.К. және Н.К.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 13 қыркүйекте 2007 жылы қоғамдық  келісім шартымен жылумен жабдықтау қолданысқа еңгізілген, осыған  сәйкес «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-гі көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің жылумен қамтамасыз етеді.

ҚР АК 189 бабының 1 бөлігіне сәйкес, меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. 

Жауапкерлер жылу жабдықтарының және ыстық су жабдықтарының тұтынушысы бола тұра, көрсеткен қызметтері үшін ұсынған шот бойынша төлем жасалмаған. Жалпы қарыз сомасы 164 713 теңгені құраған, оның ішінде жылыту үшін 133 604 теңге, ыстық су үшін 31 109 теңге.

Сот шешімміен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты