Мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер М.-ға қатысты  мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

Жауапкердің Мемлекеттік білім беру несиесі бойынша несие алғаны  талапкер, жауапкер және Қ. Сәтпаев атындағы  Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті арасында 2005 жылдың қыркүйек айының 01-і жұлдызында жасалған келісім дәлелдейді.

332 127 теңгені құрайтын қаржының жоғары оқу орнына аударылғаны туралы есеп азаматтық істің құжаттарында көрсетілген.

Келісімге сәйкес жауапкер кредит бойынша қарызды келісім жасалған сәттен бастап  он бес жыл көлемінде немесе мерзімнен бұрын  өтеуге құқылы, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алты ай өткізіп төлем жүргізу керек болған.

Жауапкердің жоғары оқу орнын бітіргені ткралы 2005 жылдың 28-і маусым айында шыққан бұйрықпен дәлелденген, бірақта  жауапкер келісімге сәйкес қарызды өтеу туралы міндетін орындамаған.

Сот шешімімен «Қаржы орталығы» АҚ-ның  мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз сомманы өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты