Медиативтік келісім шарттары заңға қайшы келмейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы  Бостандық аудандық сотында талапкер «АҚ Банк ВТБ (Қазақстан)» жауапкер «Р»-ден  қарыз сомасын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер АҚ «Банк ВТБ (Қазақстан)» сотқа жауапкер «Р » қарыз сомасын өтеу жайлы  арызбен жүгінді.

Сот барысында, тараптар өзара талапкер АҚ «Банк ВТБ (Қазақстан)» пен жауапкер «Р» арасындағы  медиативтік келісімді  келесі шарттарда бекітуін сұрады: келесі келісім  шарттары бойынша жауапкер талапкердің талап арызы бойынша  өз мойынына медиатівтік келісім шарттың 1,2 тармағы на жүгүне Банк алдындағы 50 000 000 теңге мөлшеріндегі қарызды  мойындап өтеуді, және  әр айдың 25-не дейін қарыз сомасының жарты бөлігін,  яғни 500 000 теңге көлемінде  әр ай сайын, келесі 11 ай ішінде өтеуге міндеттенеді.

Жауапкер келісім шартты бойынша қойылған міндеттерді орындамаған жағдайда, және де қарыз сомасы уақытында өтелмесе, талапкер сотқа арызбен шағымданып, жауапкерді мәжбірлеуге құқылы.

Медиативтік келісім шарттары тараптардың және ешкімнің жеке құқығын бұзбай, заңға қайшы келмейді.

Сот ұйғарымымен талапкер АҚ «Банк ВТБ (Қазақстан)» мен жауапкер «Р» өзара жасасқан медиативтік келісімді бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты