Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188 бап 2 бөліміне сәйкес У.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

2017 жылы ақпанның соңында У. әдеттегідей жұмыс орнында бола отырып, өзінің әрекеттерін ешкімнің бақылап жатқан жоқ екенін анықтағаннан соң құпия түрде құны 15 000 теңгелік әйел кардиганын, құны 49 293 теңгелік екі құты иіссу және сонымен қатар 31 176 теңге сомасында ақшалай қаражатты ұрлаған..

10 наурызда 2017 жылы У. тағы да жұмыс орнында болған кезде ешкімнің өз әрекеттерін бақылап жатқан жоқтығын анықтағаннан кейін құны 6610 теңгелік күлгін сөмкені, құны 12 000 теңгелік әйел кроссовкасын, құны 6235 теңгелік қызыл қарғыны және 10 558 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлады. Сол арқылы жәбірленуші Ш.-ға жалпы сомасы 130 872 теңге болатын материалдық нұқсан келтірді.

Жәбірленуші Ш. Сотқа өтінішпен жүгініп, онда қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, себебі сотталушы У. өз кінәсін толықтай мойындап, материалдық нұқсанды өтеді және кәсіби медиатор А.-ның көмегімен олардың арасында медиативтік келісім орнады.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының 188 бап 2 бөлім 2 тармағына сәйкес А.-ға қатысты жүргізілген қылмыстық іс Қазақстан Республикасының 68 бап 1 бөліміне сәйкес медиация тәртібінде аяқталды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты