Медиацияның мақсаты өзара тиімді, бейбіт шарт болып табылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында «Медиация туралы» Заңының нормаларын қолдануда туындайтын мәселелерге арналған  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Наурызбай аудандық сотының судьялары: Н.Урстембай, Б.Сарсенбаева, Ж.Акынов, Н.Калиев, Халықаралық құқықтарды қорғайтын орталығының президенті Ж.Жакупов және кәсіби медиаторлар: К.Салтанат, Г.Омаров, Э.Маженова қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – үйлестіруші-судьяларға медиация бойынша практикалық көмек көрсету, «Медиация туралы» Заңдағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес, сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін талқылау.

Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.

Ол даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Медиация туралы» Заңды қолдана отырып қаралған азаматтық істер бойынша туындайтын мәселелер мен олардың шешу жолдарын айқындады.  

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты