Медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 2 тармағымен (алаяқтық) айыпталушы Искаковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

25 сәуірде 2017 жылы Искаков "Фэмели" саябағында болғанда Атагельдиевадан қоңырау шалу үшін "Samsung Galaxy S6 edge" маркалы ұялы телефонын сұрап, телефон арқылы әңгіме айтып жатқандай көрініп, белгісіз бағытта қашып кетіп, Атагелдиеваға 180 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

30 сәуірде 2017 жылы Искаков Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі  37 үй жақта орналасқан "Березка" дүкенінде болғанда Грудзинскаядан қоңырау шалу үшін  "Samsung Galaxy E5" маркалы ұялы телефонын сұрап, телефон арқылы әңгіме айтып жатқандай көрініп, белгісіз бағытта қашып кетіп, Грудзинскаяға 80 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысы барысында тараптар атынан сотталушы мен жәбірленушілер осы іс бойынша медиация тәртібімен татуласты.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің190-бабының 2-бөлігі 2 тармағымен байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласып, келтіргензалалды өтеуімен байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 68 -бабының 1-бөлігімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты