Медиация тәртібінде келісім өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 24 бабының 3 бөлігімен,188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен (ұрлыққа оқталу) сотқа берілген «Б» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

«Б» сотталушы 01 сәуір 2017 жылы шамамен 04.55 уақытта Алматы қаласы Тілендиев көшесінде орналасқан №114 тұрғын үйдің қасында жүріп, «Toyota Carina» автокөлігінің салонына заңсыз еніп, құны 30 000 теңгені құрайтын авторегистраторды ұрламақшы болған. Алайда, оған тәуелді емес мән-жайларға байланысты сотталушы қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алған  жоқ.

Сот отырысында «Б»  сотталушы қылмысын мойындап, ақша және жұмыс жоқ болғандықтан ұрлық жасалғанын себебін көрсетті. «А»  жәбірленуші сотталушымен татуласып қылмыстық істі медиация тәртібінде тоқтату туралы арыз жазды.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 24 бабының 3 бөлігімен,188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен (ұрлыққа оқталу) сотқа берілген «Б» азаматқа қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты