Медиация тәртібінде келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Т.-ның жауапкер Қ.-ға қатысты бала асырау үшін алименті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, талапкер жауапкерден өзінің пайдасына кәмелеттік жасқа толмаған балаға 2017 жылдың 12 қаңтарынан бастап пайда және басқа да табыстарының ¼ бөлігін өндіруді сұрады.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Осы сот медиациясы бойынша тараптар, талапкер, кәмелет жасқа толмаған баланы асырау үшін ай сайын алиментті төлеуге міндеттенеді.      Алимент төлеу талап қоюшының есеп шотына ай сайын ақша қаражатын аудару арқылы жүргізіледі. 12.01.2017-19.04.2017 жылдар аралығындағы алимент бойынша қарызын, жауапкер 2017 жылдың қыркүйек айына дейін төлеуге міндеттенеді. Талапкер талап арызынан бас тартады деп белгілейді.

Сот, медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде келісім бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты