Медиация көмегімен неке сақталынып қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында медиация тәртібімен «Д» талапкердің «А» -ға қатысты некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес тараптар 2016 жыл некесін қидырған. Ортақ кәмелеттік жасқа толмаған қызы бар. Мінездерінің сәйкес келмеуі салдарынан бірлесіп өмір сүре алмады.

Істі қарау барысында тараптардан істі медиация тәртібімен қарастыру туралы өтініш түсті.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша азаматтық іс жүргізу тоқтатылады, тараптардың ниетімен неке жалғастырылады.
Сот ұйғарымы заңды күшiне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының ақпарат қызметі