Масаң күйде көлік басқарғаны үшін үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды және қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен  (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталушы К.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К., көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 2017 жылы 12 наурызда сағат 22.00 шамасында алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарған.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы К. кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен, сотталушы ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға және 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі