Маңызды әңгіме

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотыныңғимаратында Аль-Фараби атындағы Алматы қаласы КазҰУ-індегі колледж студенттерінің қатысуымен «Ашық есік» күні  өткізілді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты студенттердің мемлекеттік қызметке қызығушылығын ояту.

Іс-шара барысында олар «Төрелік» ақпараттық жүйесімен таныстырылды. Кеңсе меңгерушісінің  м.а. А.Бақытжанқызымен ақпараттық киоск, электрондық база мен құқықтық ақпараттық жүйесі және сот процестерін аудио-бейнежазбамен қамтамасыз ететін жабдықтар туралы түсіндіріп шықты.

Ашық есік күні аяқталған кезде студенттер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған іс шарасына, сонымен бірге, сот жүйесіндегі новеллаларымен таныс болғаны үшін  өз алғыстарын  айтты.

Іс-шараны қорытындылай келе кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Бақытжанқызы студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты