Әлеуметтік төлемнің заңсыз алынған сомасын өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер Р.С.Ж.-дан жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемін заңсыз алынған сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, жауапкерге 29 тамыз 2013 жылы, 23 тамыз 2013 жыл және 22 желтоқсан 2013 жыл аралығына яғни 4 айға 91 180 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған, және ай сайын 2 280 теңге көлемінде міндетті зейнетақы төлемі қосылған.

24 қыркүйек 2013 жылы жұмыссыздар тіркелу есебінен алынып тастауына қарамастан, жауапкер қордың қаражатынан әлеуметтік қамтамасыз ету төлемін алып отырған. Осылайша, жауапкердің 01 қазан 2013 жыл мен 22 желтоқсан 2013 жылдар аралығында 55 590 теңге көлемінде әлеуметтік төлемін заң бұзу арқылы алған.

ҚР АІЖК-нің 146 бабынның 5 бөлігіне сәйкес, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

 ҚР АІЖК-нің 224 бабына орай, Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс: сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

Сот  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі