Лауазымды тұлға субсидиарлық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талапкер «T» ЖШС-нің Банкроттық басқарушысы Т.-ның «T» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талаптарының негізі ретінде, 05 мамырда 2016 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «T» ЖШС-гі банкрот деп танылғанын айтты. «T» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы және бірінші басшысы П. болған. «T» ЖШС-гі жалғыз кредитор Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының алдында 5 810 278 теңге көлемінде кредиторлық берешегі бар. Борышкердің мүлігі кредиторлық берешек пен әкімшілік шығындарды жабуға жеткіліксіз. Осыған байланысты, банкроттық процедурасында кредитордың мүддесін қорғау мақсатында соттан П.-ті «T» ЖШС-нің банкроттық өндірісінде субсидиарлық жауапкершілікке тартып, кредиторлар талабы реестрінің төленбеген сома көлемінде және 5 810 273 теңге көлемінде соманы өндіруді сұраған, себебі борышкер алты ай ішінде өзін банкрот деп тануды сұрап, сотқа жүгінбеген.

Сот талқылауы кезінде анықталғаны, ҚР «Оңалту және банкроттық» заңының 11-бабының 2-тармағының 3-тармақшасында көзделген мерзім өтіп кеткен. Осылайша, «T» ЖШС-нің басшысы П. алты ай ішінде өзін банкрот деп тануды сұрап сотқа жүгінбей заңның талаптарын бұзған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі