Қызмет көрсетушімен тапсырысшы алдындағы міндеттемелері бұзылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер А.-ның  жауапкер «С» ЖК-ға қатысты  қаражат өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың тамыз айының 23-і жұлдызында тараптар арасында пластикалық терезелерді орнату туралы қызмет көрсету келісім шарты жасалған. Келісім бойынша  қызмет көрсету  құны 450 000 теңгені құрайды. Жұмыстың аяқталған уақытында қызмет көрсетушіге келісім бойынша 100%  қаражат төленген болатын. Бірақта  қызмет көрсетушінің тапсырысшы алдындағы келісім бойынша атқарылған қызметінің сапасының төмендігіне байланысты, ескертпелер жасалған,  қызмет көрсетуші қысқа уақытта жіберілген  қателіктерді жөндеу туралы уәде бергенімен қазіргі күнге дейін жіберілген қателіктер жөнделмеген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты