Қылмыстық процессуалдық кодекстің нормалары түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында Алматы қаласының ауданның сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

Ашық есік күні Медеу ауданының К.С. пен П.Ш. тұрғындары келіп  қылмыстық істер мен материалдарды қарау тәртібі бойынша түсініктеме беруін  сұрады. Соттың төрағасы Д.Н. Мәукеев Қылмыстық процессуалдық кодекстің нормалары бойынша, оның ішінде істі қарау мерзімі, қаулы мен үкімнің  заңды күшіне ену мерзімдері, арыздарды беру тәртібі, апелляциялық және кассациялық шағым беру тәртібі мен мерзімі, қылмыстық істі кең түрде келісімдік және қысқартылған тәртіпте қарау туралы түсініктемелер беріп, оларға жауап қайтарды. Сонымен қатар сот төрағасы арыздарды «Сот кабинеті» электрондық желісі және «Сот кабинетінің ұялы болжалы» арқылы жіберу мүмкіндігі туралы, сот процессін аудио- бейне жазба жолымен жүргізу туралы, сотқа қатысушыларды СМС хабарлама жіберу арқылы сот процесіне шақыру туралы айтып өтті және бөлек санаттағы дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен міндетті түрде татуластыруды еңгізу бойынша ҚР Жоғарғы сотының пилоттық жаңа жобасын жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді.         

Ашық есік күні аяқталған кезде сотқа келушілер сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты жұмыспен танысқандарына өз алғыстарын айтты. 

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты