Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа берілген И-ға қатысты қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

05 ақпанда 2017 жылы сағат 15 шамасында И. Алматы қ., Ақжар ы/а, Жастар көшесінде тұратын танысы Н-ның үйінде болғанда, оны ешкім бақылап тұрған жоқ екендігін пайдаланып, Н-ға тиесілі «LGK-4» маркалы үялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалған. Осымен жәбірленуші Н-ға 45 000 теңге көлемінде материалдық залалды келтірген.

Сот отырысында сотталушы И. өз кінәсін толығымен мойындап, шын жүректен өкінді. Келтірген залалды толығымен толтырғанды көрсетіп, жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласқанына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Жәбірленуші Н. соттан И-ға қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде сотталушымен татуласқанына байланысты қысқартып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

И-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушінің сотталушымен медиация тәртібінде татуласқанына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қысқартылды.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі