Қылмыс жасауда кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2-бөлігімен (есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде күдікті И. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, оның күртешесінің сол қалтасынан, салмағы 4,45  грамм есірткі зат – гашиш табылған.

Басты сот талқылауында сотталушы  И. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 140 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты