Құқықтық сауаттылық айлығы аясында Алматы қалалық сотымен және «Нархоз Университеті» АҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Нархоз Университеті» АҚ-да Алматы қалалық соты мен Университет арасында ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.

Меморандумның басты мақсаты – Президентіміздің «Нұр Отан» партиясының съезінде қойған, сот практикасы материалдарымен оқу үдерісін байыту мүмкіндіктерін біріктіру мен міндеттерді іске асыру үшін шынайы сот төрелігінде ғылыми сипатты енгізу.

Меморандумға Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай мен «Нархоз Университеті» АҚ-ның PhD профессоры К. Рыбиньски қол қойды.

Іс-шараға университет проректоры, декан, құқық факультетінің кафедра меңгерушілері, қалалық сот корпустарының өкілдері қатысты.

Жоспарланған іс-шара аясында ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер алдында Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай Ұлт Жоспарын іске асыру туралы дәріс оқып, екінші институционалдық реформаларының аясында – заң үстемдігі сот жүйесіне бекітілген 10 арнаулы қадамның барлығының орындалғанын атап айтты.

А.Ештай өз баяндамасында жаңа заңнама шарттары бойынша үш сатылы сот жүйесі туралы, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін және біліктілік талаптарын қатайту, жаңа судьялар Этикасы кодексі, сот төрелігі Академиясының пайда болуы, алқабилер сот институты қызметінінің шеңберін кеңейту, сотта прокурордың қатысуын қысқарту туралы айтты.

Дәріс интерактивті форматта өтті – қатысушыларға «Қазақстанның сот реформасы: кеше, бүгін, ертең», «Қазақстанның сот жүйесіне жаңа технологиялар қалай енгізіліп жатыр» атты бейне роликтер көрсетілді, сонымен бірге Ұлт жоспарын іске асыру ақпаратымен слайдтар көрсетілді.

Алматы қалалық сотының төрағасы мен «Нархоз Университеті» АҚ-ның ректоры ынтымақтастық үшін құрмет грамотасын салтанатты түрде Алматы қалалық сотының судьясы Б.Карибжановқа, сондай-ақ ЖОО-ның үздік студенттеріне тапсырды.

Университеттің ПиГУ мектебінің деканы А.Жунусов Алматы қалалық сотының төрағасын университетің материалдық-оқу базасымен, сот отырысының оқу залымен және полиграф аудиториясымен таныстырды.

Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Қырықбаев, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Мәлік-тегі, Оқу орталығының үйлестірушісі, Алматы қалалық сотының судьясы Б.Карибжанов, жүзден астам студенттер мен ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі