Кредит бойынша қарызды өндіру туралы дау медиациямен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Altyn Bank» АҚ-нің жауапкер С.Ж.А.-тан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 09.04.2009 жылы «RBS (Kazakhstan)» АҚ және С.Ж.Алиаскаров арасында несие шарты жасалынған, оның шарттары бойынша жауапкерге 1 701 000 теңге көлемінде қарызды қайтару, жедел, мақсатты пайдалану шартымен берілген.

Жауапкер қарызды және сыйақыны қайтура бойынша өзіне алған міндеттерін тиісті түрде орындамаған.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арыз түсіп, оны бекітуді сұрады.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер 1 668 678,66 теңге қарыз сомасын талапкерге өз еркімен келісімде көрсетілген мерзімге дейін қайтарады.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

ҚР АІЖК-нің 277 бабының 6 тармақшасына орай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе сот өндірісін тоқтатады.

Сот келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі