Көпмиллиондық дау медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Д» талапкердің   «К» жауапкерге қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер жауапкерге Қытайдан жүкті тасымалдауға 2 680 000 теңге және 5000 АҚШ доллары берілген еді. Аталған ақшаның берілген туралы мәлімет жауапкермдің өз қолымен жазған қолхатпен расталады. Алайда, жауапкермен осы уақытқа дейін ақшаны қайтару жөніндегі міндеттемелер  орындалмағандықтан, талапкерге сотқа жүгіну тура келді.

Азаматтық істі қарастыру кезінде екі тараптан да дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат түсті. Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді. Келісімге сәйкес, жауапкер талапкерге 4 330 000 теңгені қайтарып беруге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі