Коммуналдық қарыз сот тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жауапкер Л.В.К.-дан қарызды және де баж салығы бойынша шығынды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттемені тиісті түрде арындамаған. Соның саласынан қарыз жиналып қалған, есеп шот көрсеткіше сәйкес 73 108,41 теңгені құраған.

Судья Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізі кодексінің 146 бабының 5 бөлігі, 6 бөлігіне сәйкес, соттың қойылған мерзімі өткеннен кейін, тараптарды шақырмай-ақ істі қысқаша өндіріс ретінде қарады.

 ҚР АК 293 бабына орай, борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

 ҚР АІІЖ 224 бабының 2 бөлігінің талаптарына сәйкес, сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС талап арызын сот шешімімен қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі