Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 200бабы 1 бөлігімен (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) айыпталған Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды, азамат Б., 10. қазанда 2016 жылы сағат 23.00 шамасында Алматы қаласы Түркебаев көшесі бойында орналасқан ТЖО орталығында болып, азаматша Н-нің жөндеу үшін қалдырып кеткен «DAEWOOMATIZ» маркалы көлігін көрген. Сол сәтте Б-ның ойына көлік құралын құқыққа сыйымсыз иеленуге бағытталған  қылмыстық пиғылы пайда болған. Қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында Н-нің қалдырған көлік кілтін алып, көлікке отырып, өзіне тиесілі емес және басқару құқығы жоқ екенін біле тұра көлікті оталдырған. Сонымен қатар Б., өзеркімен көлікті заңсыз иемденіп жымқыру мақсатынсыз, Алматы қаласында көлікпен қыдыру мақсатымен Сәтпаев көшесіне шығып, осылайша қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізген. Сол күні түнгі сағат 04.00 шамасында  Б., «DAEWOOMATIZ» маралы көлікті басқарып келе жатқан жерінен Алматы қаласы ІІД-нің ЖПС қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот отырысында сотталушы Б., өзіне тағылған айыпты толық мойындап шынайы өкініш білдірді.

Сот қаулысымен Б., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабы 1-бөлігі, 6 бабы 1 бөлігінің негізінде,  сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі