Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346бабы 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған А-ға қатысты ісі қаралды.

Сотпен анықталды, азамат А., 2017 жылы сәуір айының соңында алкогольдік мастықтың жеңіл деңгейінде болып, ҚР Жолда жүру қағидаларымен масаң күйде көлік құралдарын басқаруға тиым салынғанын біле тұра, Жолда жүру қағидаларының 2,4,1 бөлімдерінің талаптарын әдейі ескермей, бұрын көлік басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылғанын біле тұра, көлік жүргізу кәуәлігінсіз сағат 05.00 шамасында «Тойота Камри» маркалы автокөлігін Абай даңғылымен батыс бағытта басқарып келе жатқан жерінен, Манас көшелері қиылысында ІІД-нің ӘПБ ЖПП қызметкерлерімен тоқтатылған. 

Сотталушы А., басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.

Сот үкімімен М., Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 300 сағатқа қоғамдық жұмыстыарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты