Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 435 бабымен көзделген құқық бұзушылық жасағаны бойынша Ж. әкімшілік жаапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушы Ж.Ж.Т-ның  кәмелетке толмаған 14.08.2003 жылы туылған ұлы К., 14 қаңтарда 2017 жылы сағат 14:00 шамасында Алматы қаласы, Алатау ауданы, Букеева көшесінің бойында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастады.

Азамат Ж. соттың қаулысымен  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни 15 883  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі