Әкімшілік қамауға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 608 бабы  6 бөлігі бойынша К-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.  

2017 жылдың 20 наурыз күні сағат 02:20 шамасында жүргізуші К. мас күйінде, көлік жүргізу құқығы болмай тұра, «Toyota» маркілі автокөлігін жүргізіп, Поддубной көшесімен №4 үйге қарсы бетте, талға соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан автокөлік механикалық түрде зақымдалды, материалдық шығын келтірілді.

Сот қаулысымен  К. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып және әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ретінде 20 күн мерзімге әкімшілік қамауға  тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі