«Әкімшілік істер бойынша істі қарау және жауапқа тарту туралы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауаданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК 149 бабы – Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау бойынша әкімшілік істі қарау және жауапқа тарту туралы өзекті мәселелер  туралы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел отырысы Алматы қаласы прокуратурасының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ішкі істер департаментінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелдің өтуіне негіз болған басты негіз, бүкіл әлемде болып жатқан сыртқы саясат туғызып жатқан терроризмге қарсы іс әрекеттерге Қзақастан Республикасының азматтарын және Қазақстан Республикасында уақытша тұруға келген басқа мемлекеттен келген азаматтарды қорғауды қамтамасыз етуді қаншалықты алдын-алып жатқаны.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруашылармен  2017 жылғы сот қарауында ӘҚБтК-нің 149 бабымен қарлған істер бойынша қортындысын және қысқартылған істер бойынша сатистикаға тоқталып кетті. Басты назар қысқартылған істерде болды,  хаттаманы толтыру барысында кемшіліктер көптеп кездесетінін айтып өтті, кемшіліктер көптеп кездесетін қаулыларды мысал етіп оқып өтті, дәлелдемелердің және заттай дәлелдемелердің толықтырылуын қамтамасыз етуін, орындалуын талап етті.

13.07.1999.жылғы №416-1 «Терроризмге қарсы» Қазақстан Республикасының заңының Қазасқтан Республикасының үкіметінің 03.04.2015 жылғы №191 «Террористтік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»  талаптарын осы санаттағы іс қазғауға байланысты сұрақтары қарастырылды.

Дөңгелек үстелді қортындылай келе заңдылықты қамтамасыз ету аясында Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және Алматы қаласы прокуратурасы өкілдерімен  міндетті бақылау жүргізіп 217 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылай отырып, Алматы қаласы прокуратурасының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Алматы қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен туралы  іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты