Қарыз сомманың бір бөлігін өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Forte Bank» АҚ-ы жауапкер Т.-ға. қарыз соманың бір бөлігін өндіру туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

2007 жылдың ақпан айының  22-ші жұлдызында «Forte Bank» АҚ мен Т. арасында жасалған  банктік кепіл шарты бойынша,  банк  жауапкерге  240 айға 15%  мөлшерлемесімен 108 000 АҚШ доллларын  қарызға береді.

Қарыз алушы өзіне міндеттелген яғни банктен алған  қарызды уақытылы  қайтаруға бағытталған  келісімді орындамай, банктік кепіл шартын бұзған болатын.

Қарыз алушының банк алдындағы қарызы 2013 жылдың қараша айының  20-жұлдызы қарсаңында 230 555, 44 АҚШ долларын құрайды:  негізгі өтелмеген қарызы  106 988, 68 АҚШ долларын,  өтелмеген сыйақы мөлшері  90 777, 53 АҚШ доллары,  айып төлем 32769,22 АҚШ долларын құрайды. Жоғары айтылған мәселе айта келе банк қарыз алушыдан негізгі өтелмеген қарыз ретінде  55 000 АҚШ долларын өндіруді сұрайды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының  2003 жылдың шілде айының 11-ші жұлдызындағы  «Сот шешімі» туралы нормативтік қаулысының  20 тармағы бойыншаақша сомаларын өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде  шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс және ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде келтiруге мiндеттi, қазіргі  таңда өндіріліп алынатын сомма мөлшері 17 072 000 теңгені құрайды.

Сот шешімімен жауапкер Т.-дан  «Forte Bank» АҚ-дан қарыз соманың бір бөлігін өндіру туралы талап арызы  қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты