Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер Е. жауапкер Б.-ға берген қарыз соманы өндіру туралы талап арызы  азаматтық іс қаралды.

2014 жылдың қаңтар айының 24-і жұлдызында жазбаша жасалған қарыз шарты бойынша, жауапкер Б.К талапкер Е.К-дан 9 000 000 теңгені 2014 жылдың сәуір айының 24-і жұлдызына дейін қолхат арқылы  қарызға алған.

Қарыз қайтару туралы ескертпелерге жауапкер өз тұрғысынан ешқандай  әрекеттер жасамаған.

Жоғарыда айтылған мәлімет бойынша жауапкер, талапкер алдында қарыз шарты бойынша 9 00 000 қарызы бар.

Сот шешімімен жауапкер Б.-дан талапкер Е.-нің пайдасына  9 000 000 теңге қарыз соманы  өндіру туралы талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты