Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағатандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер «AsiaCreditBank»  АҚ  жауапкер С. қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот барысында, 30.06.2016жылы «AsiaCreditBank»  АҚ мен жауапкер С. арасында банк заемы туралы келісім шарт жасалған. Осы келісім шарт бойынша банк жауапкерге 2 000 000 теңге мөлшерінде несие берген, бірақ жауапкер өз міндеттерін толық көлемде орындамаған.  

Сот отырысында жауапкер С. талап арыздың талаптарын негізігі қарызды өндіру туралы бөлігінде мойындады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.  

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық соты