Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған Л.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (есірткі заттарының заңсыз айналымы).

Сот үкіміне сәйкес 2016 жылы 21 қарашасындаекі куәгердің қатысуыменЛ.-ді жеке тінту барысында жеке және оның автокөлігін тінтубарысында жалпы салмағы91,5 гр. аса«гашиш» есірткі, құрамы JWH-018 тектеспсихатроптықзаттары табылып алынған.

Сот үкімімен Л. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігіменсотталып, оған 50 күнге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.

13.12.2016 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң 2-бабы 1-бөлігіне сәйкес тағайындалған жазадан босатылған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі