Ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушы Г.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

2007 жылдың мамыр айында жәбірленуші А.  2007 жылғы «BMW Х5» маркалы автокөлігін сатып алып, өзінің атына тіркеген. Кейіннен А.-да аталған автокөлікті сату мақсаты пайда болды. Осыны білген жәбірленуші А-ның танысы сотталушы Г.-да ірі мөлшерде алаяқтық жасау туралы қылмыстық ойы туған. Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында сотталушы Г. автокөлікті сатып алуға ойы және жағдайы болмағанына қарамастан, А.-дан аталған көлікті бөліп төлеп алуды ұсынған. А. автокөлікті бөліп төлеп сату туралы ұсынысқа келісімін беріп, Алматы қаласы Төле би және Байзаков көшелерінің қиылысында жоғарыда көрсетілген автокөлікті үш жылға басқару құқығын беретін нотариалды куәланған сенімхаттыГ.-ға берген. 2009 жылдың маусым айында көлікті басқару құқығына ие болған Г., тергеумен анықталмаған тұлғаның көмегімен А.-ның атынан өзінің атына «BMW-Х5» маркалы автокөлігін билеу құқығын беретін нотариуста куәландырылған жалған сенімхат жасатқан. Содан кейін жалған сенімхатпен автокөлікті басқа тұлғаға сатып жіберген.

Өзінің қылмыстық әрекетімен, сотталушы Г. жәбірленушіге 11 413 300 теңге материалдық шығын келтірген.

Сотта сотталушы Г. кінәсін мойындамаған.

Сотта жәбірленуші А. сотталушыдан келтірілген материалдық шығын 14 345 000 теңгені өндіруді сұраған.

Сот үкімімен Г. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (ірі мөлшерде алаяқтық) кінәлі деп танылып, оған қамауда болған уақытын есепке алып, түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, 3 жыл 11 айға жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындады.

Сот жәбірленуші А.-ның азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 11 413 300 теңге материалдық шығын өндірді. 

Үкім заңды күшіне енбеді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі