Хабарламаның ішінара күшін жою және заңсыз деп танудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Л» ҚҚ-ның жауапкер «Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-нің тексеріс нәтижесінің қорытындысы туралы хабарламаның  ішінара күшін жою және заңсыз деп танутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, 01 тамыз 2016 жылғы № 1726 жарлық негізінде,  04 тамыз аралығынан 30 желтоқсан 2016 жыл аралығында «Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-мен «Л» ҚҚ-да кешенді салық тесерісі жүргізілді, есептеудің дұрыстығы, салықты және бюджетке төленетін басқа төлемдердің уақытылы төлену сұрақтары бойынша 09 тамыз 2011 жылдан 30 маусым 2016 жыл аралығындағы.

Сотпен анықталғаны, 2014 жылдың желтоқсан айында Еурпалық одақ, The Equal Rights Trast және арызданушы арасында грант ұсыну иуралы келісім шарт жасалған, сол бойынша арызданушыға 2015 жылы жалпы көлемінде 18 163 857 теңге аударылған. Төлем құжаттарының мазмұнынан көрсетілгендей, төлеуші ретінде The Equal Rights Trast болған. Сонымен бірге арызданушы 2012 жылы грант түріндегі жалпы сомасы 1 472 275 теңге қаражат құралдарын Норвеж-Хельсинг Комитетінен алған. Берілген сомалар арызданушымен ККС-ғы бойынша Декларацияда көрсетпеген. Көрсетілген мән-жайлар сотта тараптармен дауланған жоқ.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның 85-бабының 1-тармағына сәйкес, жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің барлық табыстары қосылады, қайтарымсыз алынған мүлік түріндегі табыстарыда қосылады.  Кодекстің 100-бабының 1-тармағына сәйкес, салық төлеушінің табыс табуға бағытталған әрекетін жүзеге асыруына байланысты шығындар  салық салынатын табыс анықталған кезде алынуға жатады.

Сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан толық көлемде бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты