Евразиялық банк АҚ-ның пайдасына қарызды өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Евразиялық банк» АҚ жауапкер Б.О.А.-тан банктік қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

\Азаматтық істің құжаттарынан, 04.10.2012 жылы «Евразиялық банк» АҚ және Б.О.А. арасында 30 ай мерзімге, 664 800 теңге соммасын беру туралы несие шарты жасалған. Бірақ шартта қаралған, несиені қайтару тәртібін және уақыты бойынша жауапкер өзіне алған келісім міндеттемелерін орындамаған.   

\Талапкер соттан қарыз ақшаны өндіруді сұрады.

ҚР АІЖК 146 бабының 5, 6 бөліктеріне сәйкес, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.      

ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

Сот шешімімен «Евразиялық банк» АҚ талабы қанағаттандырылды.          

Шешім заңды күшіне енді.

   

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі