«Электрондық сот төрелігі: кеше және бүгін» тақырыбына лекция

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алмалы аудандық сотта 5 институциональдық реформаларды жүзеге асыру үшін заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында «Электрондық сот төрелігі: кеше және бүгін» тақырыбына лекция өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастыруға және өткізуге Алмалы аудандық сотының мамандар мен кеңсе меңгерушісі қатысты. Бас маман – сот отырысының хатшысы А.Аблакимов өзь баяндамасымен сөз сөйледі .

Лекцияның барысында электрондық сот төрелігін соттарда іске асыру туралы мәселесі жайлы айтылды. Баяндамашы сот және іс жүргізуді жеңілдеткен және әділ сотттылықты жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін көтерген жаңа енгізілімдер туралы айтты. Мысалы, сот базасын автоматтандырудың артықшылықтар және «Төрелік» сот жүйесін енгізу, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу, «Сот кабинеті» порталды құрудың дұрыс нәтижелері, сондай-ақ жаңалықтар талқыланды.

Лекцияның аяғында мамандар тақырып бойынша бірнеше сұрақтарды қойып, қойылған барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты